$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2020, 13:21
Жаңалықтар

Диплом сататын жекеменшік жоғары оқу орындарын біржола жабу керек - Тоқаев

Президент ұстаз тапшылығы проблемасын да тілге тиек етті 

Диплом сататын жекеменшік жоғары оқу орындарын біржола жабу керек - Тоқаев
Фото: sputniknews.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық жайлаған ЖОО-ларды жабуға тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі. 

«Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржола құтылу керек. Бұл мәселені осы жылы шешуіміз қажет»,- деді Тоқаев.

Президент министр Аймағамбетовке ұстаз тапшылығы проблемасын да айтты.

«Білікті ұстаздар тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27%-ы зейнет жасына жақындаған және жеткен азаматтар. Мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-ларға көбіне үлгерімі нашар студенттер барады. Олардың біліктілігі төмен болатыны содан. Қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек»,- деді Қ.Ж.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары