Қарағанды облысында жоғалған әйел шөп қорадан табылды

1985 жылы туған әйел аман-есен табылды

Қарағанды облысында жоғалған әйел шөп қорадан табылды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысының Нұра ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 1985 жылы туған әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 28 қарашада әйел Қарағанды қаласынан жолай көлікке отырып, Изенді ауылы бағытына қарай жолға шыққан. Алайда содан кейін онымен байланыс үзіліп, іздестіру жұмыстары басталған.

Оған ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу барысында дрондар мен кинологиялық есептоптар да пайдаланылды.

Бүгін, 29 қарашада таңертең іздестіру тобы жоғалған әйелді жергілікті тұрғындардың бірінің шөп қорасынан тапты. Құтқарушылардың мәліметінше, оның жағдайы қалыпты, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.