Бүгін, 16:12
Жаңалықтар
Ерлан Қарин мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
Вице-президент Астана қаласындағы №503 сайлау учаскесіне барды
Фото: Ақорда
Вице-президент мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вице-президент Ерлан Қарин Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында орналасқан №503 сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Еске салайық, бұған дейін елордадағы сайлау учаскелеріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Олжас Бектенов те барып, дауыс берген болатын.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 12:07
Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісін бопсалағандар сотталды
