Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Патрульдік полиция жасағы аталған көлікті қаладағы Жамбыл даңғылында тоқтатты

Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Таразда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталып, көлігі мамандандырылған айыптұраққа жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол қозғалысын бақылау барысында Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ережені бірнеше рет бұзған BMW 540автокөлігін тіркеген. Патрульдік полиция жасағы аталған көлікті қаладағы Жамбыл даңғылында тоқтатты.

Тексеру барысында көлік иесінің бірден төрт түрлі заңбұзушылыққа жол бергені анықталды. Атап айтқанда, ол автокөліктің алдыңғы әйнектерін заңсыз күңгірттеп басқарған, қауіпсіздік белдігін тақпаған, жол таңбаларының талаптарын сақтамаған және көлігін міндетті техникалық байқаудан өткізбеген.

Осыған байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, BMW 540 автокөлігі айыптұраққа қойылды.