Павлодар облысында жер үй өртенді
Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр
Павлодар облысының Кемеңгер ауылында жер үй отқа оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға кәсіби мамандармен бірге жергілікті еріктілер де жедел жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 112 құтқару пультіне түскен. Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу жалынды сөндіруге кіріскен.
Оларға Кемеңгер ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің еріктілері де көмекке келген. Бірлескен жедел әрекеттің нәтижесінде 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
