Астанада боран, Алматыда жаңбыр мен қар: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Астанада қар мен бұрқасын күтілсе, Алматыда жаңбыр мен қар жауып, Шымкентте 1 желтоқсанда жауын-шашын болады

Астанада боран, Алматыда жаңбыр мен қар: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада қар жауып, төмен бұрқасын соғуы мүмкін. Алматыда тұман түсіп, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Ал Шымкентте алғашқы екі күн жауын-шашынсыз болғанымен, 1 желтоқсанда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада қар жауып, жел күшейеді

29 қарашада елордада күн бұлтты болып, қар жауады. Төмен бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, түнде екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -7...-9 градус, күндіз -5...-7 градус болады.

30 қарашада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде қар жауып, жер бетінде ұйытқыған қар байқалады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Түнде ауа температурасы -12...-14 градусқа дейін төмендеп, күндіз -8...-10 градус шамасында сақталады.

1 желтоқсанда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жауын-шашын күтілмейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде ауа температурасы -13...-15 градус, күндіз -8...-10 градус болады.

Алматыда жаңбыр мен қар жауады

29 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы орнайды. Жауын-шашын күтілмейді. Алайда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +6...+8 градус аралығында болады.

30 қарашада да күн құбылмалы бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +5...+7 градус болады.

1 желтоқсанда Алматыда күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Күндіз кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус болады.

Шымкентте аптаның алғашқы күнінде жаңбыр жауады

29 қарашада Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градусқа дейін көтеріледі.

30 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градус шамасында болады.

1 желтоқсанда Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +8...+10 градус болады.