$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда Аризона университетінің бағдарламалары ашылады

Білім министрі Президенттің «елімізде шетелдік университеттердің филиалын ашу тапсырмасы» бойынша тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын айтты

Қазақстанда Аризона университетінің бағдарламалары ашылады
Фото: ашық дереккөзден

Жас маман жобасының арқасында 180 колледждің шеберханалары жаңартылды. Енді тағы да 20 «құзыреттілік орталықтары» құрылады. Мұндай мәлімдемені Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты. 

Мамандардың сапалы білім алуы оқу орындарының материалдық базасына тікелей байланысты. Бұл ретте еліміздегі 180 колледждің шеберханалары жаңартылғаны белгілі болды.

«Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 жоғары оқу орнының базасында Академиялық артықшылық орталықтарын дамыту бағдарламасы қарастырылған. Үш университетті зерттеу университеттеріне трансформациялау жоспарланып отыр» , -деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, Президенттің «елімізде шетелдік университеттердің филиалын ашу тапсырмасы» бойынша да тиісті жұмыстардың атқарылып жатқаны айтылды. 

«Президен шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу туралы тапсырма берді.  Бүгінде елімізде Де Монтфорт Лестер университетінің  филиалы жұмысын бастады. Ол британдық диплом береді. Сол сияқты Қозыбаев университетінде әлемнің ең үздік университетінің бірі - Аризона университетінің бағдарламалары ашылады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары