$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 750-ден астам қару табылды

Жоғалған қарулардың басым бөлігі Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарынан табылды

 
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 750-ден астам қару табылды
Фото: ortcom.kz

Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 750-ден астам қару табылды. Ұрланған атыс қаруын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілерді тергеу нәтижелерімен таныстырған Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде деструктивті діни ағымының жақтаушысы «С» есімді азамат ұсталған. Одан «Оружейник» аңшылық дүкенінен ұрланған 12-калибрлі винчестер мен «Қорған» дүкенінен ұрланған 2 мылтық табылған. Таразда «Д» есімді азамат ұсталып, одан Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 4 «Макаров» тапаншасы мен 131 оның оқтары тәркіленді.

«Алматы облысында «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының атыс қаруының сақтау орындары табылды, олар өз қаруларын Талғар ауданы Бәйтерек кентінің шетіндегі қараусыз қалған ғимаратта сақтаған. Аталған жерде 28 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 2 «Калашников» автоматы, 3 «Макаров» тапаншасы, шетелдік өндірістің 4 тапаншасы, 5 екі ұңғылы және 10 бір ұңғылы мылтық, 2 шолақ мылтық, түрлі калибрлі оқтар, жарық-шу гранаталары мен бронижилеттер табылды. Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 750-ден астам мылтық және тегіс ұңғылы қаруды тапты», - деді спикер. 

Табылған қарулардың ең көп саны Жамбыл облысында 281 бірлік, Алматы қаласында 249 және Алматы облысында 201 қару тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары