Жоғары оқу орнына түсу үшін бірқатар бағыттың шекті балы өсті – БҒМ
Биыл елімізде ЖОО-ға 73 мың грант бөлінген

Жалпы еліміздің кадр дайындайтың оқу орындарында 1 млн-нан астам студент білім алып жатыр. Орташа есеппен алғанда жыл сайын оның 300 мыңы жұмыс нарығына шығады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысындай айтты.
Соңғы бірнеше жыл ішінде гранттар саны екі есее көбейген, ал биыл ең көп 73 мың грант қарастырылған екен. Бұл ретте шәкіртақы да екі есеге ұлғайғаны айтылды.
«Бұған қоса, 11 сынып бітірушілері енді қаңтардан бастап оқуға түсе алады. Бірақ талап та күшейтілді. Педагогикалық бағыттар бойынша шекті балл 75 балға дейін, медициналық бағыттар бойынша 70 және заң бағыты бойынша 75-ке дейін көтерілді. Президенттің тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға грант үлесі 40 тан - 60%-ға дейін көбейтілді», - деді министр.
Биыл колледждер саны 31 мыңға жеткен, оның 70% техникалық мамандықтарға беріледі.
«Колледждерге оқуға қолжетімділікті кеңейту үшін емтиханды алып тастадық. Және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арнайы квота енгізілді. Ал гранттар талапкердің өзі таңдаған колледежге берілетін болды, сәйкесінше олардың бәсекелестігі де артады», - деді ведомсвто басшысы.