Қазақстанда тағы 4 ЖОО мен 29 колледж жабылуы мүмкін

Әсел Оршыбекова

Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды

Қазақстанда тағы 4 ЖОО мен 29 колледж жабылуы мүмкін
365info.kz

Еліміздегі 61 жоғары оқу орнының 500 бағыты бойынша және 375 колледждің 2200 бағытының лицензиялары қайтарып алынды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өз сөзінде министр сапаны қамтамасыз ету үшін бақылау екі бағытта жүргізілетінін алға тартып, бүгінде отандық білім беру ошақтарында нендей өзгерістер болып жатқанын баяндады.

«Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында тұр. 61 жоғары оқу орнының 500 бағыты бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2200 бағыттының лицензиялары қайтарып алынды.  Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлерді оқытатын оқу орны саны 72-ден 61-ге дейін азайды», - деді министр.

Сондай-ақ университеттерге практик-мамандарды тарту бойынша өзгерістер енгізілді. Мәселен IT маманын дайындау үшін ғылым докторы болу маңызды емес, программист маманның да сабақ беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар ЖОО-дағы лицензиялау мерзімінің жарамдылығы 5 жыл деп белгілеу енгізіліп жатыр.  Бұл норма Мәжіліс пен Сенатта да өз қолдауын тапты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.