Еліміз бойынша 32 жол бөлігі жабылды
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдарда 754 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміз бойынша 32 автожолдың кейбір бөліктері жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясы жол пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін төлемақы алу пунктінің алдына арнайы түрде үлкен жүк көлік техникасын көлденеңінен қойған. Сонымен қатар, төмендегі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды :
1.Нұр-Сұлтан-Петропавл, км 18-231 (Нұр-Сұлтан-Щучинск)
2. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, км 232-260 (Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)
3. Жезқазған-Петропавл, км 377-595 (Қостанай обл.шекарасы-СҚО шекарасы)
4.Жақсы-Есіл-Бұзылық, км 0-82
5. Екатеринбург-Алматы, км 917-1247 (Жақсы-Нұр-Сұлтан)
6. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, км 16-200 (Нұр-Сұлтан-Павлодар обл.шекарасы)
7. Екатеринбург-Алматы, км 856-917 (СҚО шекарасы-Жақсы)
8. Солтүстік айналма жолы
9. Самара-Шымкент, км 773-965 (Белогорка-Қарабұтақ)
10. Ақтөбе-РФ шекарасы, км 39-135 (Шәмші Қалдаяқов-РФ шекарасы)
11. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, км 0-234 (Қарабұтақ-Қостанай обл.шекарасы)
12. Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, км 0-401 (Қандыағаш-Ырғыз)
13. Самара-Шымкент, км 965-1153 (Қарабұтақ-Ырғыз)
14. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, км 15-105 (Белоусовка-Риддер)
15. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, км 707-941 (Аягөз-Бұғаз)
16. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, км 3-232 (Қостанай обл.шекарасы-Ақмола обл.шекарасы)
17. Екатеринбург-Алматы, км 555-729 (Тобыл-СҚО шекарасы)
18. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, км 231-458 (Тобыл-Ақтөбе обл.шекарасы)
19. Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл, км 0-167 (Денисовка-РФ шекарасы)
20. Жезқазған-Петроавл, км 252-377 (Қарағанды обл.шекарасы-Ақмола обл.шекарасы)
21. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, км 200-242 (Ақмола обл.шекарасы-Бозшакөл
22. Волошинко-Сергеевка-Тимирязево, км 0-119
23. Екатеринбург-Алматы, км 729-795 (Қостанай обл.шекарасы-Рузаевка)
24. Жезқазған-Петропавл, км 595-795 (Ақмола обл.шекарасы-Сергеевка)
25. Көкшетау-Рузаевка, км 102-196 (Саумалкөл-Рузаевка)
26. Тимирязево-Сарыкөл-СҚО шекарасы, км 0-31
27. Нұр-Сұлтан-Теміртау
28. Щучинск-Зеренді
29. Макинск-Ақсу-Торғай
30. Қызылорда-Павлодар, км 970-1135 (Қарағанды-Павлодар обл.шекарасы)
31. Қызылорда-Павлодар, км 1135-1206 (Қарағанды обл.шекарасы-Шидерті)
32. Екатеринбург-Алматы, км 1446-1457 (Теміртау-Қарағанды)
Ал республикалық маңызы бар автожолдарда 754 техника бірлігі жұмылдырылған.
«ҚазАвтожол» мекемесі сондай-ақ, жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.
Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.