ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты екі жол жабылды

Елорда мен еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қарлы боран салдарынан Нұр-Сұлтандағы екі тасжол уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.  

«16 қаңтар күні сағат 20.30-да ауа райы нашарлап, қарлы боран басталуына байланысты Нұр-Сұлтан – Щучинск және Нұр-Сұлтан – Павлодар тасжолдарының қозғалысына шектеу қойылды», – делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында. 

Бұған дейін елорда мен еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланған еді.

Синоптиктердің болжамынша, 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы 15-20 м/с болмақ.

Сонымен қатар, еліміздің Қостанай – Әулиекөл – Сұрға, Екатеринбург – Алматы, Қарабұтақ – Қостанай, Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы бағытындағы кейбір жол бөліктеріндегі қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау керек екені ескертеді. Сондай-ақ, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.