Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы Қарағанды қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін, 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.
2008 жылы - ҚР Президентінің көмекшісі;
2009 жылғы мамырдан бастап Индустрия және сауда министрі;
2010 жылдың наурызынан бастап Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
2012 жылдың қаңтар айынан бастап - Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
2014 жылдың 6 тамызынан бастап Инвестициялар және даму министрі;
2016-2018 жылдары Астана қаласының әкімі;
2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы;
2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін атқарды;