ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып Талғат Мұхтаров тағайындалды

Талғат Сәбитұлы ұзақ жылдар бойы қорғаныс саласында қызмет еткен

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әзімхан Жүсіпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылған еді. Ал, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып Қалмұханбет Қасымов тағайындалды.

Талғат Сәбитұлы 1966 жылы 5 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келді.

Еңбек өтілі:

ҚР Бас прокуратурасы әскери прокуратура органдарында қызмет еткен (1992-1994);

ҚР ҰҚК органдарында - аса маңызды істер бойынша аға тергеуші, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары (1997-2011);

ҚР Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бастығы (2011-2014).

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары (2014-2016);

ҚР Қорғаныс министрлігінің әдеп бойынша уәкілі (2016-2019);

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің басшысы (2019-2020);

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат