Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады

15 қазан күні еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда жаңбыр мен қар жаууы мүмкін

Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. «Қазгидромет» үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 15 қазан күні еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Шығыста соның әсерінен көктайғақ орнайды. Еліміздің орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын жаумайды.

«16 және 17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», – делінген ауа райы болжамында.

Ауа температурасы қандай болады?

  • Батыста: түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;
  • Ақтөбе облысында: түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығыс бөлігінде -1…-3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;
  • Қостанай облысында: түнде -1…-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін құбылады;
  • Солтүстікте: түнде -3…-8°С-қа дейін төмендейді, ал 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жылынады. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;
  • Ұлытау облысында: түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығыс бөлігінде -3°С болады. Күндіз: +10…+20°С;
  • Қарағанды облысында: түнде ауа температурасы негізінен -1…-8°С, ал өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін көтеріледі;
  • Елдің шығысында: түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан -3…-11°С-қа дейін төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, ал өңірдің шығысында -2°С болады;
  • Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы: +2…+10°С-қа дейін, күндіз: +15…+25°С;
  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы: 0…+8°С, таулы аудандарда -2…-7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.