$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 09:13
Жаңалықтар

Балықты заңсыз экспорттаған кәсіпкерлер мемлекетке 5 миллиард теңге зиян келтірді

2017 жылдан бері 2 мың 532 тонна балық шетелге заңсыз экспортталған 

Балықты заңсыз экспорттаған кәсіпкерлер мемлекетке 5 миллиард теңге зиян келтірді
Фото: ашық дереккөзден

Балықты заңсыз экспорттаған оралдық кәсіпкерлер мемлекетке 5 миллиард теңге зиян келтірген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.  

Балық аулаумен айналысатын жергілікті кәсіпорындар жалған анықтама ұсынып, Бәйтерек ауданындағы аумақтық инспекциядан сертификатты заңсыз алған. Ал жауапты мамандар ауланған балықтың құжатқа сай еместігіне мән бермепті. Осылайша 2017 жылдан бері 2 мың 532 тонна балық шетелге заңсыз экспортталды дейді мамандар. Балық аулауға берілетін арнайы сертификат электронды лицензиялау порталына ғана орналастырылады екен.

«Олар тексеруі керек еді. Кеше біз сұрағанымызда біз ол жүйенің жұмыс істеп тұрғанын білген жоқпыз. Біз оның бар екендігін күні кеше естіп отырмыз деген мәселелерді айтады. Бірақ бұл жүйе 2015 жылдан бастап іске қосылған. Басқа региондар, басқа аудандар, Орал қаласының инспекциясы осы жүйені пайдаланып отыр», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев

Енді құзырлы органдар жалған анықтама ұсынған кәсіпорындарды тексереді. Ал жұмысына салғырттық танытқан мамандарды қызметінен босатылуы мүмкін.

 «Басшы ретінде совет по этикенің шешімін мен орындауым керек. Ал бірақ қазір олар еңбекке жарамсыз болған соң, ондай жұмыстарды мен атқара алмай отырмын. Олар жұмысқа шыққаннан кейін біз өзіміз шешім қабылдаймыз, сосын жауап береміз. Қылмыстық іс-әрекет бұларда жоқ деп шешім шығарды. Онымен прокуратура да келісті», - деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Темірхан Қонақбаев.

Серіктес жаңалықтары