Астанада 2023 жылы үлескерлер мәселесі толық шешіледі
Биыл тағы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешені аяқталады
Елордада 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілді. Осылайша биыл қалада тағы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 7 мыңнан астам 500 үлескер-отбасының мәселесі шешіледі. 2022-23 жылдары қалған көпқабатты үйлерді аяқтау жоспарланып отып. Үлескерлер мәселесін шешу туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтып берді.
«Ел басшылығының тапсырмасы бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жазында 52 нысан ұзақ құрылыс ретінде есептелген еді, бұл дегеніміз 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені. 2019-2020 жылдары біз 33 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға бердік. 5 мыңнан астам үлескер отбасы ұзақ жылдар бойы күткен пәтерін алды. Биыл тағы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтаймыз», - деді қала басшысы.
2022 жылы тағы 40, ал 2023 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Осылайша, Алтай Көлгінов 2023 жылы елордадағы үлескерлер мәселесі толық шешілетініне сенім білдірді.
Елорда әкімі елордадағы кейбір үйлердің құрылысы 15-16 жылға созылғанын айтты. Үлестік құрылыстың барлық нысандарында түрлі көрініс болды: бір жерде тек шұңқыр, бір жерде қаңқасы көтерілген, енді бір жерде құрылысшы бір пәтерді 4-5 адамға сатқан.