Үш баласын суық үйде қалдырып кеткен: ШҚО-да әйел адамды ата-ана құқығынан айыруы мүмкін
Пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде тастап кеткен анасы мас күйде үйге оралды
ШҚО-да үш баласын суық үйге тастап кеткен ананы ата-ана құқығынан айыруы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 27 қарашада Бесқарағай аудандық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ж.Мырзекенов «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепте тұрған отбасыларды тексеру барысында үйде қараусыз қалған тоғыз, жеті және үш жастағы кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру фактісін анықтады.
Біраз уақыттан кейін балаларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде тастап кеткен анасы мас күйде үйге оралды.
Полиция қызметкері бұл жағдайға жедел ден қоя отырып: кәмелетке толмаған екі бала «Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-ге, ал ең кіші үш жасар бала Семей қаласының балалар үйіне орналастырылды.
Бірнеше рет өткізілген әңгімелер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімдерінен кейін тиісті қорытынды жасамаған жалғызбасты анаға қатысты, оны ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені шешу үшін материал жиналды.