Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер сыйға берілді

Azattyq Rýhy

Өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орын алды

Белградта (Сербия) өткен әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақта топ жарған Сәкен Бибосыновқа пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тек Кубаны алға жіберіп, командалық есепте екінші орын алды. Біздің құраманың еншісінде екі алтын, екі күміс және бір қол жүлде бар. 

Оқи отырыңыз: Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

Екі алтын жүлдені Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Теміртас Жүсіпов (48 келі) алса, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) иеленді. Ал қола жүлдены командамыздың капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) еншіледі. 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.