ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Токиодағы 6 мыңға жуық дәрігер Олимпиада өткізбеуге шақырды

Жапония тұрғындарының басым бөлігі бұл шараны кейінге қалдыруды қолдады

Фото: Global Look Press

Токиодағы 6 мыңға жуық дәрігер қаладағы коронавирустың төртінші толқынына байланысты Олимпиада өткізбеуге шақырды. Осыдан бір апта бұрын жапон клиникаларындағы дәрігерлер тобы олимпиаданы қауіпсіз өткізудің мүмкін еместігін мәлімдеді. Жапония тұрғындарының басым бөлігі де бұл шараны кейінге қалдыруды жақтады. Елдегі 47 префектураның 9-ында төтенше жағдай мамыр айының соңына дейін жарияланды. 125 миллионнан астам жапондықтың тек үш пайызы коронавиусқа қарсы вакцинаның бір дозасын алды. Қазір бұл елде ауруханалар толып, дәрігерлер жүктемесі арта түсті.

Еске салайық, пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. 2021 жылдың басында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр. Әзірге ҚР спортшылары Олимпиадаға 53 жолдама жеңіп алды.