ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 930 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды

Еліміздің батыс бөлігінде қатты ыстық болса, солтүстік және шығыс аймақтарда үсік жүруі мүмкін

 

Фото: ашық дереккөзден

19 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер еліміздің он облысында және Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз ауа температурасы 18-20 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейінгі қатты ыстық болады. Облыстың батысында найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Павлодар облысында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады. 20-21 мамырда тұман болады. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 25 м/с жетеді. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Түнде 20-21 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Атырау облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 19-20 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ болады. 20-21 мамырда кей жерлерді тұман басады. 19-20 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі ықтимал. Түнде 20-21 мамырда 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 20-21 мамырда тұман болжанады. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Түнде 20-21 мамырда облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысында 19 мамырда күндіз, 20 мамырда тәулік бойы жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамыр күні жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал, тұман болжанады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 19-20 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Түнде 21 мамырда кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.  

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 19 мамырда жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ болады. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман болады. 19-20 мамырда желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градусқа дейін, түнде 20-21 мамырда 2 градусқа дейін төмендейді.