$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2021, 15:47
Жаңалықтар

«Тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын»: сот Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

Экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 маусымға дейін ұзартылды

«Тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын»: сот Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

Бұрын Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін экс-министрге қатысты өткен сотта тергеу сотының судьясы Айбек Абу мәлімдеді.

Судьяның мәлімдеуінше, күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылған.

«Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін (қоса есептегенде) сегіз айға ұзартылсын. Үйқамақ шарттарын өзгерту бөлігіндегі, медициналық ұйымдарға баруды қоспағанда, тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын» - деді Айбек Абу.

Еске сала кетейік, бүгін экс-министр сотта сөз сөйлеп, тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді.

26 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановтың сотта жұмысқа оралуға рұқсат беру туралы өтінішіне қатысты пікір білдіріп, экс-министрдің қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейтіні айтты

Серіктес жаңалықтары