ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қайда өтетіні анықталды

АҚШ-та жүрген боксшы дайындығын бастап кетті

Жәнібек Әлімхан, фото: prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің келесі кездесуін маусым айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) жерінде өтеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді.

Келесі айда Әлімханұлының жұмыстарын жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы Virgin Hotels қонақ үйінде үш кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жектердің бірінде жеңіл салмақта WBC, WBO және WBA (Super) белбеулерінің бұрынғы иегері украиналық Василий Ломанченко (14-2, 10 КО) шығады. 26 маусымда өтетін айқаста оның қарсыласы - жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО).

Одан бір апта бұрын тағы бір жапониялық Наоя Иноуэның (20-0, 17 КО) қатысумен кездесу өткізеді.

Еске салайық, Әлімханұлы шаршы алаңға 27 ақпан күні Алматы қаласында шығу керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Отандасымыз қазіргі уақытта орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері.