Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады

Биыл мамырдан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады

 

Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады

3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласынан Стамбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түрік әуе компаниясы Түркістан мен Стамбұл қалалары арасында Б-737 әуе кемесімен аптасына 3 тұрақты рейс орындайды (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері). Бұдан басқа 2021 жылғы 17 мамырдан бастап отандық лоукост тасымалдаушы Fly Arystan (Air Astana компаниялар тобы) компаниясы Түркістан мен Стамбұл қалалары арасында орындалатын рейстер санын аптасына 7-ге дейін (күн сайын) ұлғайтпақ», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Осылайша, биыл мамыр айынан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.

Сонымен қатар Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. бағыттарға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.