$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2021, 14:38
Жаңалықтар

Қазақстандықтар еGov Mobile қосымшасы арқылы вакцинация паспортын ала алады – Мусин

Министр COVID-19 індетімен күресте сандық шешімдерді тезірек енгізу қажет екенін айтты

 

 
Қазақстандықтар еGov Mobile қосымшасы арқылы вакцинация паспортын ала алады – Мусин
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі, ҰКП, авиация Комитеті, әуежайлар, Қазақтелеком және «Эйр Астана» компаниясындағы әріптестермен кездесу өтті. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр дәл қазіргі уақытта аталмыш ведомстволар алдында СOVID-19 індетімен күресу үшін сандық шешімдерді тезірек енгізу міндеті тұрғанын айтты.

«Біріншіден, «Ashyq» қосымшасына қатысты айтсақ, жоба өз нәтижесін беріп келеді. «Атамекен» ҰКП әріптестеріміз күн сайын фитнес-клубтарға келушілер арасында бұрын-соңды коронавируспен ауырған адамдардың барын хабарлады. Тіпті қазірдің өзінде осы жобаға қатыспаған басқа да бизнес өкілдері тізімге енгізуді сұрап отыр. ASHYQ жобасын пайдалану картасын кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізбекпіз. Осылайша фитнес-клубтар, бассейн, боулинг, спа-орталықтар мен компьютер клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану мен кинотеатрларды қосу жағы әзірленуде. Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беру.

Өздеріңіз білесіздер, жақында Францияда ұлттық локдаун жарияланды, барлық қажетті дүкендер жабылды. Германияда да қатаң шектеулер бар. Біз мұндай шектеулерге жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қабылдаймыз. Бұған дейін айтқанымдай, егер денсаулық жағын ойластыра отырып, елдегі бизнестің дамуына мүмкіндік беретін идеяларыңыз болса, тыңдауға әзірміз», - деді Бағдат Мусин.

Министр сондай-ақ өз тарапынан Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген Виталий Пустовойтенко мен оның ұжымына алғысын білдірді. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-нің де еңбегі ерен екенін, өйткені онсыз бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін болмайтынына атап өтті.

«Екіншіден, еGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинациялаудың электрондық паспорты қолжетімді. Онда адамның қандай препараттар алғаны, қандай дозаны қай күнде қолданғаны туралы ақпарат үш тілде көрсетіледі. Сіз құжатты талап еткен жерде көрсете аласыз және QR кодын қолдана отырып қажетіңізге жаратасыз. Қазір IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинацияның біздің электронды паспортты қабылдау және халықаралық жүйелермен келісім орнату маңызды!», - деп жазды министр.

Ол бұл бағытта ары қарай жұмыс жалғаса беретініне тоқтала келе, тұрғындарға еGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде жоғарғы оң жақтағы «Жаңарту» батырмасын басқанда, цифрлық құжаттағы паспорт екінші «дозаны» алғаннан кейін ғана көрсетілетінін түсіндірді.  

«Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізудің маңызы зор. Қазір сауалнама қағазға толтырылады, бірақ енді оған рұқсат етілмейді. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Веб-ресурс қолжетімді болады, онда қолданушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Осыған ұқсас жоба Мальдив аралдарында да сәтті жүзеге асырылды», - деді Б. Мусин.

 
Серіктес жаңалықтары