ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 34 жолаушы ұшып келді

Елімізге әуе рейстерімен бір тәулікте 3497 жолаушы келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

3 497 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасы жоқ 34 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Сондай-ақ 2021 жылдың 1 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі жарияланды.

«Анықтамасыз келген 10 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.