Батыс Қазақстанда бұрынғы құдағилар 126 мың теңге үшін бір-бірін сотқа берген
Сот оларды медиация арқылы татуластырыпты
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында экс-құдағайлар 126 мың теңге үшін соттасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалына зер салсақ, балалары ажыраспай тұрғанда, құдағидың бірі екіншісіне 126 мың теңге қарызға берген екен. Алайда, ақшасын қайтара алмаған соң бұрынғы құдағиын сотқа беріпті.
«Сот отырысында судья дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылығын түсіндіріп, бұрынғы құдағилар медиативтік келісім жасады. Келісім бойынша экс-құдағи қарызды сот белгілеген мерзім ішінде қайтарып беруі керек. Ал екінші тарап талабынан бас тартты. Осыған байланысты сот іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды», - деп хабарлайды БҚО соттары.
Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж толық қайтарылады. Айта кетейік, сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.