Биыл елімізде 340 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
1-сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8124 өтініш келіп түскен
Қазақстанда 1 сәуірден бастап алты жасар және осы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні ата-аналардан 8 124 өтініш келіп түскен. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, 1-сынып оқушылары үшін өтініштерді қабылдау электронды форматта eGov.kz арқылы жүргізіледі және 1 тамызға дейін жалғасады.
Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.