ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус: Атырауда халықты жаппай вакцинациялау басталды

3 сәуірден бастап өңірдегі 22 егу пункті демалыссыз жұмыс істейтін болады

Фото: РИА Новости

Атырау облысында бүгін, яғни 3 сәуірден бастап халықты жаппай вакцинацилау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, өңірде 22 егу пункті демалыссыз жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.  

Басқарма басшысының айтуынша, 3 сәуірден бастап Атырау облыстық санитариялық, эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі №24-27-03/346 хатына сәйкес «Спутник V» вакцинасы халықты жаппай вакцинациялау үшін пайдаланылатын болады. Қала, аудан тұрғындары, кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс істейтін және басқа да санаттағы адамдар кіреді.

«3 сәуірден бастап барлық егу пункттері демалыссыз жұмыс істейтін болады. Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханадан 18 жастан асқан адамдар ала алады», - деді Асхан Байдуәлиев.

Айта кетерлігі, биыл 2 сәуірде аймаққа 3 600 доза вакцина жеткізіліп, олар облыстың 22 егу пунктіне таратылған болатын.

«1 ақпан мен 2 сәуір аралығында Атырау облысына 3 600 доза вакцина жеткізіліп, 3 598 адам егілді. Оның ішінде 42 мемлекеттік қызметші, 1611 медицина қызметкері, 1413 педагог, 486 полиция қызметкері, 46 өзге адамдар вакцинацияланды», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.