Нью-Йорктегі қазақ полицейі АҚШ-та өткен жекпе-жекте жеңіске жетті
Бұл Димаш Ниязовтың 2017 жылдан бергі 14-ші жеңісі болып отыр
Нью-Йоркте полиция қызметкері болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақ азаматы Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жекпе-жекте жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
20 ақпан күні Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында алты раундқа созылған жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, Димаш Ниязов жеңіске жетті.
Бұл Ниязовтың 2017 жылдан бергі 14-ші жеңісі болып отыр. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалған болатын. Кейін омыртқасына зақым келгендіктен, артынша пандемияға байланысты рингке шыға алмаған.
Ал 29 жастағы аргентиналық бес рет жеңіске жетіп, сегізінші рет жеңіліске ұшырап отыр.
Еске сала кетейік, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген, дегенмен, бала кезінде отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.