$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2021, 13:11
Жаңалықтар

Маска тағып жүрудің тіске зиян екені анықталды

Мамандар масканың ауыз қуысында түрлі ауру тудыратынын айтады

Маска тағып жүрудің тіске зиян екені анықталды
Фото: Известия.ру

Коронавирустан қорғану үшін ұзақ уақыт маска тағып жүрудің тіске зияны көп. Стоматологтар осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

One Manhattan Dental емханасының негізін қалаушылардың бірі Роб Рамондидің мәлімдеуінше, әрдайым маска тағып жүргеннен кей адамның тісінде қара дақтар мен сызаттар пайда бола бастайды екен.

«Сондай-ақ, маска арқылы тыныстау салдарынан сілекей аз бөлініп, ауыз құрғап кететіндіктен, тісжегі (кариес) пайда болып, қызылиек аурулары туындайды», - деп жазады «Сноб» басылымы. 

Сонымен қатар, ресейлік тіс дәрігері Тигран Григорян терең дем шығарған кезде ағзадан шамамен 360 түрлі бактерияның да шығып кететінін айтады. 

«Сіз ағзаңыздан шығарған лас ауаны маскадан шығармаған күйі қайта жұтасыз. Соның салдарынан ауыз қуысында түрлі ауру пайда болуы мүмкін», – дейді Григорян.

Пандемия кезінде тіс ауруларын барынша болдырмау үшін көбірек су ішіп, кейде қанты жоқ сағыз шайнап тұру керек деп кеңес береді мамандар.

Серіктес жаңалықтары