$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2020, 13:58
Жаңалықтар

Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавирус жұқтырды

Барлығы 10 адам қайтыс болды

Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавирус жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда пандемия басталғалы бері 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, коронавирустық пандемия Қарулы күштерді де айналып өтпеді. Пандемия басталғалы бері Қарулы күштерде 2 мыңнан астам адам осы инфекцияны жұқтырды. Олардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделуде, қалғандары қалпына келді. Өкінішке қарай, бірнеше өлім жағдайы тіркелді. Марқұм болғандардың жақындарына көңіл айтамыз»,- деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министр Қарулы күштерде коронавирустан барлығы 10 адам қайтыс болғанын айтты.

«Барлығы 10 адам қайтыс болды. Олардың бесеуі әскери, тағы бесеуі – азаматтық қызметкерлер. Бес адам коронавирустан, қалған бесеуі пневмониядан қайтыс болды. Қарулы күштерде сырқаттанғандардың жалпы саны 2200 адамды құрады. Оның 80 пайызында асимптоматикалық, 20 пайызында симптоматикалық түрде өтті», - деді ол.

Қорғаныс министрі санитарлық нормалардың сақталғанын, маска режимінің енгізілгенін және қол алысып, амандасуға тыйым салғанын айтты.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары