Түркиядан Ақтау қаласына ұшып келген қырғыз азаматы депортацияланды

Ол мерзімі өтіп кеткен ПТР-анықтамамен келген

Түркиядан Ақтау қаласына ұшып келген қырғыз азаматы депортацияланды
Ақтау әуежайы, фото: ашық дереккөзден

21 желтоқсанда Қазақстан аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей және Беларусь елдерінен келген 7 халықаралық әуе рейсімен 799 жолаушы келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 қазақстандық азамат бар. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • Алматы әуежайына – 2 рейс (323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз – 26);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз – 13);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз – 34);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз – 5);
  • Қарағанды әуежайына – 1 рейс (1 жолаушы анықтамамен келді).

Анықтамасыз келген қазақстандық азаматтар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесн күтуде.

2020 жылдың 20 желтоқсанында тиісті анықтамасыз келген 363 Қазақстан азаматының арасынан ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.