$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 13:56
Жаңалықтар

Шенеуніктер автобус пен пойыз апатынан кейін ғана қимылдай бастады – Баталов Шамалғандағы апат туралы

Облыс әкімі теміржол бекетінің жанынан үлкен айналма жол салынатынын айтты

Шенеуніктер автобус пен пойыз апатынан кейін ғана қимылдай бастады – Баталов Шамалғандағы апат туралы

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жергілікті шенеуніктер 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында болған қайғылы оқиғадан кейін ғана қимылдай бастағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

 «Ол теміржол бекетінің мәселесін көптен бері айттық. Республикалық маңызы бар жол, автокөліктер тығыз жүреді. Ылғи да осы сұрақты көтеретінбіз. Соңғы оқиғаға жол бермеу керек еді. Оқиғадан кейін ғана қимылдай бастады», - дейді Баталов.

Облыс әкімі теміржол бекетінің жанынан 800 метр жерде үлкен айналма жол салынатынын хабарлады.

«Жергілікті әкімдік айналма жолға 360 млн теңге бөліп жатырмыз. Бірақ, жаяу адамдар бәрібір сол өткелден өте береді, өйткені, үйреніп қалған. Сондықтан, дәл теміржол өткелінде жерасты жолын саламыз, оның екі лифтісі болады, бәрі де адамдарға ыңғайлы болуы үшін», - дейді Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы маңында пойыз бен автобус соқтығысып, апат салдарынан автобус жүргізуші қаза тауып, үш адам ауыр хәлде ауруғанаға түскен.

Серіктес жаңалықтары