$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 11:54
Жаңалықтар

ЕҚҚДБ «Күрті-Қапшағай» жолынының құрылысына 34,5 млрд теңге береді

Аталмыш жол Орталық-Оңтүстік дәлізінің  бөлігі

ЕҚҚДБ «Күрті-Қапшағай» жолынының құрылысына 34,5 млрд теңге береді

Еуропа қайта құру және даму банкі мен «QazAvtoJol» ҰК» АҚ арасында «Күрті-Қапшағай» жобасы бойынша кредиттік келісімге қол қою рәсімі өтті.

«Қарыз сомасы 34 479,7 млн теңгені құрайды. Қаржы Күрті және Қапшағай елді мекендері арасындағы ұзындығы 67 шақырым болатын жол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарына бағытталады. Аталмыш жол Орталық-Оңтүстік дәлізінің бөлігі. Бұл біздің ел үшін ірі жоба. Ол – республиканың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын буын», - делінген хабарламада.

«QazAvtoJol» басшысы Ұлан Әліптің айтуынша, бұл жобаның мердігері - «Синьцзян констракшн». Бүгінде мердігер компаниямен келісімшарт жасалған, жобаны бастай беруге болады.

Еуропа қайта құру және даму банкі бұған дейін де Қазақстандағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырып келді. Мәселен, «Батыс Еуропа –Батыс Қытай», «Ақтөбе-Мәртөк» және «Ташкент-Шымкент» бағытындағы жолдар.

Серіктес жаңалықтары