ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

Жоғалған адамдарды енді еріктілер іздейді – ҚР ІІМ

Оларға арнайы киім мен техника беріледі

Полицейлер енді қоғамдық тәртіпті сақтауда және жоғалған адамдарды іздеуде белсенді азаматтардың – волонтерлардың көмегіне жүгінетін болады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларымен бірге жұмыс істейтін еріктілер арнайы жилеттермен және радиохабарлағышпен қамтамасыз етіледі.

Волонтерлар тобы Қазақстанның барлық өңірінде құрылып, жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда ҚР Ішкі істер министрлігі ЖОО-лармен және жастар ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазірдің өзінде еріктілер республиканың әр аймағында белсенділік танытып отыр. Әсіресе, жоғалған азаматтарды іздеуде олардың көмегі көп. Мәселен, биыл қыркүйек айында Қарағанды облысы Шет ауданында кішкентай бала ұрланып, оны іздеп табуға белсенді азаматтар атсалысқан. Ал, Қостанай облысында волонтерлар полицейлермен бірнеше ай бойы бірге жұмыс істеп, жоғалған 20-дан астам адамды тауып берген.