19.11.2019, 18:07
Жаңалықтар
«Эйр Астана» 3,6 млрд долларға жаңа 30 Boeing ұшағын сатып алады
Жаңа ұшақтар FlyArystan әуе компаниясына тиесілі болады
Фото : FlyArystan
«Эйр Астана» өзіне қарасты FlyArystan әуе компаниясына жаңа 30 Boeing 737 MAX 8 ұшағын сатып алуға тапсырыс берді, деп хабарлайды Boeing концернінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы ақпарат Дубайда өткен әуе шоуы кезінде белгілі болды. Келісім бойынша 30 ұшақты сатып алуға 3,6 млрд доллар кетеді екен. Boeing ұшақтары жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты сатып алынбақ.
«FlyArystan іске қосылғаннан бері әуе компанияның қызметі біз күткен нәтижеден де асып түсті. Сондай-ақ арзан бағадағы әуе тасымалының Қазақстан мен Орталық Азиядағы болашағы зор екенін көрсетті», - деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.
Көп оқылған
12.04.2026, 17:42
ТЖД үш бала қаза тапқан өртке қатысты мәлімдеме жасады
12.04.2026, 11:09
Ауыл дәрігерлеріне берілетін әлеуметтік төлем екі есе өсті
12.04.2026, 10:44
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты
12.04.2026, 20:19
Астанадағы балалар өлімі: Қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
12.04.2026, 12:11
Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру көлемі 260 млрд теңгеге жетті
12.04.2026, 12:42
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты