$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2020, 04:27
Жаңалықтар

Facebook АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін желіде жариялайтын болды

Әлеуметтік желі жеңімпаздың аты аталған сәтте қолданушыларына хабарлама жібермек

Facebook АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін желіде жариялайтын болды

Facebook әлеуметтік желісі АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі туралы хабарламаны бірден желі қолданушыларының назарына ұсынбақ. Сондай-ақ, әлем күтіп отырған маңызды ақпараттан Instagram желісін пайдаланушылар да тыс қалмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Facebook-тің басты хабарламасы желі қолданушыларының жаңалықтар легінің жоғарғы тұсында көрініп тұратын болады. Хабарламада сайлау жеңімпазының аты-жөні жазылады. Әлеуметтік желі Reuters, ABC News, CBS News, Fox News, NBC News, CNN және Associated Press сынды ірі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын бағдарға алмақ», - деп жазды The Verge агенттігі.

Еске салсақ, дәл қазіргі уақытта елдегі алты штатта дауыстарды санау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Пошта арқылы келген бюллетеньдерді санау нәтижесінде, Пенсильвания мен Джорджия штаттары бойынша Джо Байденнің Дональд Трамппен теңесіп қалғаны белгілі болды – егер осы штаттарда жеңіске жетсе, Джо Байден сайлауда да жеңімпаз атанбақ. 

Айта кетсек, бүгін Вашингтондағы Ақ үй алдында бірнеше жүздеген белсенділер шеруге шығып, Трамптың биліктен кетуін талап етіп жатыр.

 
Серіктес жаңалықтары