7 қараша күнгі ауа райы болжамы
Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

7 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады. Республиканың кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Тұман түсіп, батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Атырау, Қостанай, күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.