$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2020, 22:52
Жаңалықтар

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Республиканың бірқатар өңірінде күшті жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін

 

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © 365cars.ru

7 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Қызылорда облысында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін, тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.

 
Серіктес жаңалықтары