$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2020, 21:07
Жаңалықтар

ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Бұйрыққа Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев қол қойды

ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығымен генерал-майор Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Генерал-майор Марат Рахымұлы Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында туған.

1988 жылы Челябинск жоғары танк командалық училищесін бітірді.

1997 жылы РФ ҚК Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын бітірді.

2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын бітірді. 

Взвод командирінен бастап ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткерді.

 

Серіктес жаңалықтары