$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2020, 11:18
Жаңалықтар

Сенат Үндістан мен Пәкістанның әскери оқу-жаттығуына қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасында бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім 2007 жасалған

Сенат Үндістан мен Пәкістанның әскери оқу-жаттығуына қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады
Фото: ашық дереккөзден

Сенат Үндістан мен Пәкістанның әскери оқу-жаттығуына қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Келісім шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттер аумағында екі жылда бір рет кезекпен террорға қарсы бағыттағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар жүргізілетінін атап өту қажет. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу қарулы күштердің кәсіби бағдарларымен, жауынгерлік дайындығын арттыруға және олардың арасында өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға тиімді қызмет ететініне сенімдіміз»,- деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев.  

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасында бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім 2007 жылғы 27 маусымда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан арасында жасалды. 2017 жылы ұйымға Үндістан мен Пәкістан енді.  

«Осы хаттаманы ратификациялау оларға (Үндістан мен Пәкістанға) мүмкіндік береді.  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында өткізілетін бірлескен әскери оқу-жаттығуларға толыққанды қатысуға, сондай-ақ өз аумағында ШЫҰ аясында терроризмге қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізуге құқылы. Күтілетін нәтиже бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу географиясын кеңейту мүмкіндігіне ие болу», - деп хабарлады Сенат отырысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Талғат Мұсабаев.

Сенат депутаттары дауыс беру арқылы «2007 жылғы 27 маусымдағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Серіктес жаңалықтары