01.10.2020, 09:05
Жаңалықтар
Чехияда COVID-19 індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіледі
Қазір елде 33 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Чехияда COVID-19 індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy rg.ru газетіне сілтеме жасап.
Чехияның Денсаулық сақтау министрі Роман Примула елде 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілетінін айтты. Билік оны 30 күнге енгізуді жоспарлап отыр.
Дүйсенбіден бастап инфекцияның тез таралуы байқалатын мектептер екі аптаға жабылады. Атап айтқанда, Прагадағы және оған іргелес аудандардағы мектептер жұмысын уақытша тоқтатады.
Қазір Чехияда 33,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың 820-сы ауруханаларда ем алуда. Дәрігерлердің айтуынша, 187 науқастың жағдайы ауыр.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 20:41
Қазақстан өңірлеріндегі сайлаушылардың сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші жарияланды
23.08.2026, 20:11
Тарихи Құрылтай сайлауы: дауыс беру аяқталды