29.08.2026, 12:39
Жаңалықтар
Дубайда қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денелері елге жеткізілді: СІМ мәлімдеме жасады
Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелері елге қайтарылды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
28 тамызда Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Отанға қайтаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында БАӘ-нің құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірлік прокуратурасымен және тиісті құзырлы мекемелермен тұрақты байланыста жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілуде.
ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан азаматшалардың отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 12:07
Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісін бопсалағандар сотталды
