Талғарда 8 жастағы қызға тиіскен күдікті ұсталды

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған

Талғарда 8 жастағы қызға тиіскен күдікті ұсталды
Фото: © istockphoto.com

Талғар қаласында 8 жастағы мектеп оқушысына тиісті деген айыппен бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам ұсталды. Оқиға 24 тамыз күні қыз бала құрбысының үйінен қайтып бара жатқанда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті велосипедке көмектесемін деген сылтаумен кішкентай қызды алдап, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасаған. Қыз бала ер адам өзі шешіне бастаған сәтте ғана ыршып шығып, велосипедпен үйіне қашып үлгерген. Үйіне келген соң ол болған жағдайды ата-анасына қуыршақ арқылы көрсетіп берген.

Анасының айтуынша, күдіктінің сыбайлас немесе адвокат болып істейтін туысы бар. Сол себепті отбасы мен жергілікті тұрғындар тергеудің әділ өтуін талап етуде. Отбасы бірден полицияға арызданған. Күдікті екі күннен кейін қолға түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті полицияға жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы басшылықтың ерекше бақылауына алынған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.