Қазақстанда тағы бір әкімнің суицид жасағаны туралы ақпарат тарады

Ол әкім лауазымына биыл ақпан айында ғана тағайындалған

Қазақстанда тағы бір әкімнің суицид жасағаны туралы ақпарат тарады
Фото: gov.kz

СҚО-да ауыл әкімінің суицид жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Криминальный Казахстан» мәліметінше, Ақжар ауданына қарасты Май ауылының әкімі Ерлан Смайыловтың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«18 мамыр күні СҚО-ның Майское ауылында 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – дейді облыстық ПД.

Белгілісі, Ерлан Смайылов әкім лауазымына биыл 17 ақпан күні тағайындалған. Ал оған дейін «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарғн.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжановтың мәйіті табылған. Ол сияқты Темір қаласының әкім Еркін Далмағамбетовтің де суицид жасағаны хабарланған.