АҚШ Конгресі Трамп импичментінің басталғаны туралы резолюция қабылдады
АҚШ Конгресі палатаның жалпы отырысында президент Дональд Трамптың ресми импичментінің басталғаны туралы резолюцияны қабылдады, деп жазады ВВС
Басылымның хабарлауынша, Ақ үй басшысын биліктен алып тастау туралы шешімді Өкілдер палатасы мүшелерінің көпшілігі қолдаған.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының процедуралық мәселелер бойынша комитеті резолюцияны мақұлдады. Дауыс беру бейсенбі күні өтті. Импичмент туралы шешімді палатаның 232 мүшесі қолдаса, 196 адам қарсы шыққан, төрт депутат дауыс беруге қатыспаған. Дональд Трамп резолюцияның қабылдауына қатысты пікір білдірді.
«Бұл АҚШ тарихындағы мыстандарды аулауға арналған ең ұлы аңшылық», деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.
Резолюция жобасы президент Дональд Трамптың оппоненттеріне жаңа мүмкіндіктер береді. Конгресс комитеті резолюцияға дейін болған жасырын жиналыстар туралы ақпарат жариялау құқығына ие болады. Сонымен қатар комитет бұған дейін ұлттық қауіпсіздік мақсатында құпия болған мәселелер бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастыра алады.