Головкин - Альварес жекпе-жегі 2020 жылы өтуі мүмкін
DAZN стриминг платформасының өкілі Альварес пен Головкиннің үшінші жекпе-жегі 2020 жылға жоспарланғанын айтты
DAZN стриминг платформасының өкілі Джо Марковски мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жегіне қатысты позициясын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Канелоның» ойынша, ол Головкинді екі рет тізе бүктірді. Сондықтан Альварес Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, өзін тағы бір сынап көрмекші. Дегенмен, көптеген жанкүйерлер «Канело» - Головкин айқасын тағатсыздана күтіп жүр. Егер Альварес Ковалевті жеңсе, Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы келіссөз қайта жандануы мүмкін. Біз ол кездесу 2020 жылы өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді Марковски.
Бұған дейін «Канело» Головкинмен текетірес осымен біткенін, үшінші жекпе-жекті қаржылық тұрғыда ғана қарастыруға болатынын айтқан еді.