$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 13:47
Оқиғалар

Түркістан қаласы әкімінен де коронавирус анықталды

Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, өзге қызметкерлер де анализ тапсырады

Түркістан қаласы әкімінен де коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қала басшысы Facebook парақшасында мәлім етті деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жұмыс барысымен күнделікті адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде. Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді. Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!»,- деп жазды Рашид Аюпов Facebook парақшасында.

Серіктес жаңалықтары