$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 14:27
Оқиғалар

Ақтөбелік өрт сөндірушілер 5 баланы құтқарды

 Бес қабатты үйде балкон өртенген

Ақтөбелік өрт сөндірушілер 5 баланы құтқарды

Ақтөбе қаласының Тургенев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама 20 маусым күні 17 сағат 24 минутта  келiп  түсті, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Тұрғындар үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқаны және подъез қатты түтінге оранғаны туралы  хабарлаған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам, 3 өрт сөндіру техникасы, соның ішінде автосаты жіберілді.

«Оқиға орнына Өрт сөндірушілер келген кезде үшінші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шығып жатқаның анықтады. Бірнеше минут ішінде подъездің кіреберісі қою түтінге оранып жоғарғы қабаттардың тұрғындарына сыртқа шығуға кедергі келтірді. Дер уақытында келіп жеткен №1 МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушыларының жедел іс-әрекеттерінің арқасында  пәтерлерден 8 адам құтқарылды, олардың ішінде 5 бала. Өрт сөндірушілер қалған пәтерлерде адамдарды болу мүмкіндігін тексерді. Зардап шеккен адамдар жоқ», - делінген хабарламда.

Балконда 3 шаршы метр аумақта шыққан өрт жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«2020 жылдың өткен жартыжылдық аралығында Ақтөбе гарнизонының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері өрттен 100-ден астам адамды, оның ішінде жас балаларды құтқарды. Құтқарылғандардың ішінде Ақтөбе қаласының Астана ауданының кәмелетке толмаған 5 тұрғыныда  бар», деп хабарлайды ТЖД.

Серіктес жаңалықтары